Арыс аумағындағы мал қорымынан сібір жарасы анықталғаны рас па? Әкімдік жауабы

Арыс аумағындағы мал қорымынан сібір жарасы анықталғаны рас па? Әкімдік жауабы

Арыс қаласының аумағындағы мал қорымдарында сібір жарасы жоқ. Түркістан облыстық әкімдігі осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде Арыс қаласында екі мал қорымы бар. Дермене және Қожатоғай ауылдық округтерінде орналасқан қорымдар мамандардың қатаң бақылауында.

«Қазіргі таңда мал қорымдары зақымданбаған. Барлық талаптарға сай сақтаулы. Олар үнемі ветеринария қызметкерлерінің қадағалауында. Қорымдарға жыл сайын мониторинг жүргізіледі. Сол аумақтағы топырақтан ұдайы сынақ алынып отырады.

Барлық зерттеулердің нәтижесі бойынша ешбір қауіп анықталмаған. Жалпы бүгінге дейін қорымдардан сібір жарасына қатысты ешқандай мәлімет тіркелмеген», – дейді туралы Арыс қалалық аумақтық инспекция басшысы Өмірқұл Омаров.

Бұған дейін желіде саперлердің Арыс қаласының аумағынан мал қорымын тапқаны, ол жерде сібір жарасы споралары бар екендігі анықталғаны туралы ақпарат тараған еді.

Пікір жазу

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*

2 × 3 =