ОСЛЯ ЕСЕКШИНА және ОНЫҢ КОМАНДАСЫ

ОСЛЯ ЕСЕКШИНА және ОНЫҢ КОМАНДАСЫ

Елдің есімдерін мазақ қылған АСЯ АСЕТКИНА өз атын ОСЛЯ ЕСЕКшина деп ауыстырып алса болады….

 
Қазақ жерін Қытайдағы ұйғырларға беру керек деген ұсынысты пірі Серікжан Біләштан асырып белсене қолдап жүрген Ася Асеткина дегеннің аты-жөні қазаққа келмейді екен… Өзінің ұсқынына қарасаң шүршітке де, шукшаға да ұқсайды.
Тиынға тісін сындыратын Ася кеше халық қазынасынан триллион үнемдегені үшін түрмеге түскен Ислам Әбішевке тас лақтырып, Қазақтың Орта жүзіндегі іргелі Қоңырат елі туралы іріген аузынан шіріген сөз шығарып, рушылдық пен жүзшілдіктің үлгісін көрсетіпті!
 
Бұл кім екен деп, Фейсбуктағы парақшасын ақтарсақ, аузына келгенін оттапты.
 
“Ася Серікжанды қолдап қойды” деп, менімен алысып жатқан бұл есектер – атап айтқанда, геморройхан кискаубаев, серік маңқабай, Құрал-сайман Бедеуов, Қаражүніс, абзал құсқан “-деп, елге белгілі есімдерді теріс пиғылмен бұзып жазып, тізіп шыққан. Арасында белгілі заңгерлер де бар, біраз адамның аттарын мазақ етіп, заңды белден басқанына қарағанда, айдап салып, артында тіреп тұрған күш бар екені анық.
 
Бұлар бер жағы екен!.. Ары қарай Асяңыз ауыз ашқан сайын айнала сасып, бейпіл сөз қарша борайды:
 
“Менің қыздығымды кімге, қашан, қалай және қанша рет бергенімде сендердің осы не шаруаларың бар? Мен қанша күйеуге тиемін, қанша күйеуден шығамын не жұмыстарың бар? Менің балаларым қайда, олар не істеп жүр, немесе неше балам бар, қайсысы кімнен… жоқ, осының бәрі сендерге қаншалықты қызық сонда? Не бастарыңның іскені бар? “-деп Қазақ қызына жат жабайылық пен анайылықтың азғындық ұсқынын көрсетеді.
 
“Есектің миын жеген ессіз ғой мынау”-деп, шошып отырғанымыз да бекер емес екен!. Өйткені, Есек туралы асқан махаббатпен жазған жазбасына қарасаң Есек екеуінің арасында бір тығыз байланыс пен туыстық, жыныстық жақындық бар секілді! Ендеше, елдің атын келеке еткендей, өз атын Осля Есек-шина деп ауыстырып алса, өте дұрыс болады екен…
 
Тағы бір жазбасында өзі ие бола алмай жүрген ішкиіміне ұзақ толғау арнап, ол ішкиімнің кімдерден қалмағанын сөз етіп, біраз жерде тоңқып, шаң шығара шауыпты. Және оған өзі армандап жүрген қазақтың бірнеше атпал азаматтарын сыртынан зорлап “кіргізіп” қойыпты… “Армандапсың ақ мәше, ауызыңды жап кәне”-деген осы екен ғой. “Мәше” деп есектің ұрғашысын айтатынын есекнама жазушы Осля жақсы білетін болар!..
 
Біздің таңқалғанымыз, бұның өзі елдің бәрін еріксіз “кіргізіп жатқан” ауына елден бұрын ентелеп Ермұрат Бәпи мен Айдын Егеубаевтар шауып келіп, өздері кіріп кетіпті. Ішкиімнің ішінде іш пыстырып жатқан жоқ екеуі, Ислам Әбішев туралы ауыздарына келгенін оттаудан Асядан да асып түсіп жатыр….
 
Енді қожайының сүйек тастаған сайын, қасыңдағы сүйікті сүйектестеріңді де ұмытпай, құлақтарың салпаңдап ақыра беріңдер Осля Есек-шина және оның командасы!
 
 
ДАМБАЛБАУ “ДЕМОКРАТ” немесе ЕРДІҢ төсегінің астына кіру ЕРМҰРАТҚА ЛАЙЫҚТЫ МА?
 
Биліктің орыстілді басылымдарға “ақтап-мақтаңдар” деген жасырын тізімінде Әміржан Қосанов, Расул Жұмалы, Жанболат Мамай және т.б. бірге жүрген Ермурат Бапи биліктің сойылын соғуға елден бұрын кірісіп кетіпті. Ислам Әбішевке сот үкімі шықпай жатып, жала жаба бастады!
 
Өзі сияқты жалақор Ася Асеткинаға жарбаңдап қосылып, біреудің үшінші-төртінші қатынын түгендеп, ердің төсегінің астына кіру Ер-мұрат деген атқа лайықты ма еді! Сүйек тастаса, сүйкімінен айрылып қалатындар көбейіп кетті қазір…
 
Ермұрат Бапидың езуі кімнің тарысы көп болса, солай қарай қисайып, қисынсыз да қыт-қыттауға дайын тұратыны біраз таныстарына бұрыннан белгілі болып қалған..
 
Елбасының “Рухани жаңғыруын” ел ішіне насихаттау кезінде ерен еңбегін көрсетті. Ақорда жинаған делегацияға да ентелеп, емініп жүріп, елдің алдымен жазылды. Делегация мүшелері әуежайға жиналғанда да, елдің алдымен барып, мұжық кепкісі мыжырайып қисайып, елді күтіп тұратын дейді сол кездегі сапарластары мысқылдай күліп…
 
Жекебасының мүддесіне келгенде кез келген адамды сата салатын қасиет Бапиге Коммунистік партияның басты органы “Социалистік Қазақстан” газетінің шолақ белсенді қызыл коммунист тілшісі болған кезінен қалыптасқан болса керек… Тағы бір “Соц.Қазақстанның” қып-қызыл коммунисі Әміржан Қосановпен Премьер-министрдің баспасөз қызметінде де қатар істеді. Бір университетте, бір факультетте оқыған, бір газетте, бір Үкіметте жұмыс істеген, бір өңірден қыз алған бажасы әрі досы Әміржан Қосанов кеше Президент сайлауына түскенде Ерекең түске дейін мақтап, түстен кейін даттап, жүз құбылып жүрді. Екі ойлы болып жүруінің бір себебі Қосановты “сатып алды” деген 2 миллион доллардан және сайлау қорына құйылып жатқан қыруар қаржыдан бірнәрсе тиіп қала ма деген есек дәмелі болатын.
 
Елге де “Қосановқа 2 миллион доллар берілді” деп, ол миллиондардың қандай шетелге аударылғанын да ауыз жаппай айтып жүрген басқа емес… “бас ауырғанда жазатын адамы” Ерекең екенін елдің бәрі жақсы біледі…
 
Жақсы жағын да жазуды ұмытпайық. Рас, Президент сайлауы басталардан екі күн бұрын жарияланған менің Қосановтың Желтоқсан мен Тіл мәселесіндегі “ерлігін” әшкерелеген “Тілді сатқан Қосанов Елді де сатады” деген мақалама елден бұрын қолдау жасады бұл ағамыз. Содан бір күн бұрын-ақ “Ақиқат” деп, айқайлатып ат қойған ескі де, жаңа партиясы Қосановты қолдайтынын мәлімдеген Ерекең менің мақалама қатты риза болып кеткен болса керек, Фейсбуктағы лимиті толып қалған бес мың адамының біреуін “өлтіріп”, маған бірден “достық” жіберді. Біз де риза болып, алғысымызды айттық та, ол кісіні де жазбамызға тіркеп қойдық. Сөйтіп, әйгілі мақаламыз Ерекеңнің парақшасында да жарқырап тұрды… Міне, саған “Ақиқат”! Міне саған “достық!”
 
Саясаткер ретінде өз ұстанымын айқындай алмай, сылқым қатынның сырбаз бөксесіндей былқылдап жүріп, ақыры, бар мәселе ауыл қойшысына да айқын белгілі болып қалғанда, сайлау барысына “Әміржан Қосановтың сатқындығын” кінәлап шыға келді. Қазіргі қоғамдық-саяси оқиғаларды жіті бақылап отырған жас перілер: ” Онсыз да ерінбеген езгілеп жатқан Косановты кінәлай бергенше, алаңға кеп, дайын тұрған митингішілерге еге болып, екі ауыз сөз айта алмадыңыз! Қайдағы сіздің сарысүйек саяткерлігіңіз? Бәріңіз жалған оппозиционерсіздер, аңқау елге арамза молдасыздар! Қосановпен қоса оның сайлаудағы серіктерінің бәрі, сіз де саяси өліксіздер!”-дегеніне Ерекең міңгірлегеннен басқа ешнәрсе дей алмады… Дәл осы жастар тобы ана бір кезде “мен ғана нағыз оппозиционермін” дегендей әңгіме айтып, кеуде қаққан Ермұрат Бапиды Фейсбук желісінде тас-талқанын шығарған болатын. “Саясатта салмағы қалмаған сақалыңды сата бермей, тозған көне шапаныңды жамылып, асүйдің иісін аңдып, диваныңда тыныш жатқын”-деп, бұрышқа қуалап тықты… Содан кейін Ерекең де ол әңгімесін қайтып айта бермейтін болды… Біз де сол кезде Ерекеңе жанымыз ашып, аяп кеткеннен араша түсеміз деп, құрдастарымыздан сөз естіп те қалғанымыз бар еді… Сол айтыс кезінде Ерекеңнің бұрын сүйеніп келген, қазір елдің бәрі, әсіресе жастар жағы жаңа заманға сай сайттар мен әлеуметтік желілерге өтіп кеткесін тиражы да құлдырап кеткен “зейнеткерлер” оқитын газеті түкке де жарамай қалды…
 
 
 
Айтпақшы, бұл Бапи дегенің саясаттағы “қосағы” Қосановпен сайлаудан бұрын-ақ салғыласып жүретін. Қожайындары Әкежан Қажыгелдиннің Алматыда тастап кеткен үйіне екеуі таласып қалған болатын. Негізі, Қажыгелдин ол үйді өзі құрған партиясы үшін офиске пайдалануға қалдырған еді. Бірақ үй Қосановтың туысының атына жазылған. Ақырында, партия да жоқ, жұмыс та жоқ болғасын, ол үйге екеуі таласа бастайды.”Байдың асын байғұс қызғанады” дегендей, екі байғұстың ерегесі “екі бажаның” айырылысуына негіз болды… Бұл “соғыста” құжат бойынша үй әжесінің атына жазылған Әміржан Қосанов жеңіп кетті…
 
 
 
Сайлаудағы сарсаңнан кейін, “Ермұраттың көзі қарайып, кімге тиісерін білмей жүр” деген әңгімелер естіле бастаған. “Рухани жаңғыру” кезіндегідей тиын-тебені бар тегін қаңғыру тоқтады. Сайлау мен Қосановтан ешнәрсе түспеді. “Қосанов сатқындық жасады, енді оппозициялық “жалғыз” партия – бізге қосылыңдар”-деген ұранды ешкім құлағына да қыстыра қойған жоқ. Саяси болжамнан мақұрым болғандықтан кеше ғана Қосановтың қосшысы болған, сайлаудың ертеңіне Қосановтың не үшін сайлауға түскенін өтірік білмей қалған болып, Әміржанның өзіне сатқындық жасап, жерлей бастаған, 2011 жылы Қазақ тілін қолдаған Мұқтар Шаханов бастаған 138-дің әйгілі Ашық хатына Қосановпен бірге қол қоймай қарсы болған Мамайдың маңайлағанын ешкім елең де қылмады…
 
 
 
Сол кезде шынымен де көзі қарайған Ерекең Ася Асеткинаның түрмеде жатқан Ислам Әбішті сынай бастаған науқанына сыналап кіріп кеп кетті. Ол Ислам Әбішевті жүз мыңдаған адамның қолдап жатқаны рулық-жүздік қызғаныш вирусын қоздырған қожайындарының тастаған тиын-тебенін ақтау үшін Асяның өзі мүлде білмейтін адамға тиіскеніне де бас қатырып қараған жоқ… Не қылсын бас қатырып?!. Ат үстіндегі шенеуніктерді шенегенше, абақты ішіндегі азаматты жүндей түту жеңіл емес пе?!.
 
Соған қарағанда Ислам Әбішевті қолдап жатқан жүз мыңдай әдамның әр қойған қолы бұлардың бастарына әр соққы болып тиіп жатқан сияқты… Содан басы істемей қалған Ерекеңдер Ислам Әбішевті қолдаған “Ашық хатқа” қол қойып жатқан, жүздеген есе рекордтық көрсеткішке жеткен 105 мың адамның қолдауын “Қайдағы рекорд -далбаса!” -деп, нағыз далбасаның рекордын көрсетті…
 
 
Ойпырмай-ау, біз саясаткер санап жүрген газет басшысы Бапи да базардағы қатындардай түрмедегі ердің “түгенінші қатыны жеп қойған жемқор болған”деп сылпылдай салады деп ойламаппыз… Сұқпайтын жері жоқ сұғанақ тұмсықтың арқасында Исекеңнің өзі де білмейтін “үшінші-төртінші қатынды” иіскелеп жүріп, бұл қалай “біліп алған” десеңізші… Міне, саған үру керек болса…
 
 
 
Арыстан құлағанда аңдыздап шығатын шибөрілер шебіне “аты шықпаса, жер өртеп” шығаратын Айдын Егеубаев деген қосылды. Елдің өзін ұмытып қалғанына өкпелі Егеубаев егеуқұйрықша екілене кірісті. Шибөрілер шуын естігесін шидің ішінен шуылдап Алданазар Жайлыұлы, Амангелді Батырбеков, Қайролла Сыдиықұлы деген өмірде жолы болмай, ешкімге керек болмай қалғандар үйірге қосылды. Ал басшылары Ася бұлардың бәрін бірден әдеттегідей өзі желіде мәлімдегендей ішкиіміне топырлатып тығып жіберді… Әрине, егделеп қалған жасы бар, елге танымал аты бар Ермұрат Бапи дамбалбауға ие болып, “лауазымды” болып шыға келді.
 
Былай қарасаң, Ася бастаған Ермұрат Бапи, Айдын Егеубаев, Амангелді Батырбеков, Алданазар Жайлыұлы, Қайролла Сыдиықұлы дегендерің шайпау қатындардай сағыздарын созып шайнап, оттап отыр… Мейлі ғой шайнай берсін, бірақ дәлел дегеннен дәнеме жоқ дәлдубайлардың дәйексіз өсектеріне өздерінен басқа кім сенеді?!. Қайта қарсы шыққан жұрт, кімнің кім екенін Есекшиналар мен оның Ермұрат бастаған командасы айтпай-ақ жақсы білетін ел бұлардың өзін сойып салып жатыр…
 
Сонда Ислам Әбішевті қолдап жатқан қалың елдің біразы кезінде Исекең қызмет етіп кеткен шығыстықтар, өскемендіктер, тасқын судан баспанасыз қалғанда Исекеңнің ерен еңбегіне ерекше риза болған Тарбағатайлықтар, яғни, Ермұраттың туысқан жерлестерінің қолдауы да далбаса ма? Шығыстан шыққан Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділ бастаған, мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, әйгілі ұлт зиялылары Досхан Жолжақсынов, Ұлықбек Есдәулет, Төлеген Мұхамеджановтар қостаған он мыңдаған шығысқазақстандықтардың қолдауы далбаса ма сонда? Әлде, Елдің Ерге деген ықыласын көргісі келмей, еркексіреген бір қатынның емеурініне айырбастай салған дамбалбау “демократтың” тірлігі далбаса ма?
 
Не болса да кеңесін керек етіп жүретін қайраткер ағама осыған таңғалатынымды айттым… “Исекеңе қиындықта қолдау білдіріп жатқандардың көбісі оның еңбегін бағалаған шығыстықтар, Ермұрат ағамыздың туыстары емес пе?”-деймін ғой…
 
Ағамыз шегіп отырған темекісін тереңдей сорып, орталанған шылым тұқылын шырт еткізіп бір түкіріп өшіріп, тастақ жерге тастады да, табаны қалың бәтеңкесімен езгілеп тұрып алды… Тап бір мен жоғарыда аттарын атаған жанына жағымсыздарды жаншып жатқандай… Менің жауап күтіп қалған сұраулы жүзіме бір қарады да: ” Ышқынған жеріне бір бала тастап кететін ыңырсыған қатынның ышқырынан шыға алмай жүрген мұндайларға сүйек лақтырсаң сүйегін де сата салады!”- деді сұсты жүзі сұрланып…
 
Тура айтылып, турап түскен бұндай сөзден кейін мен де қайтып ешнәрсе сұрамадым…
 

Махамбет Ерғали,

gu-gu.kz

Comments

  1. Қазығұрт 13 тамыз, 2019, 11:49

    Біреудің жеке басына шабуыл жасау заңсыз.

  2. Талап Бериков 13 тамыз, 2019, 11:51

    Мынау Ермұрат Боқи деген шалда бұрыннан ұят жоқ.

  3. Махамбет 13 тамыз, 2019, 11:51

    Иә, Талап, елдің бәрі біледі екен Ермұраттың “ерліктерін”. Қасында жүрген серіктері бәрін айтып берді… Бірақ оның бәрін жазған жоқпыз әлі…

  4. Іңкәр 13 тамыз, 2019, 11:52

    “Дамбалбау демократ” деген Ермұрат ағаға берілген ең бағалы “атақ” шығар… Енді елдің бәрі солай атап кететін болды ғой… Әй, Махамбет аға, аямайсыз ба? Сіздердің елге “найза беріп, жауға қой”-деген сөз рас-ау!

  5. Мәмбет Курманбаев 13 тамыз, 2019, 11:53

    Кілең жалданбалы отряд құрылыпты ғой Махамбет! Өз қазағын қаралап тас атқан жалданбалы Ася Асеткина мен төсек сақшысы әрі тыңшы Ермұрат Бәпи және Айдын Егеубаевтар жіліктеп бөлініп, қазақтың жеріне ұйғырларды кіргізуге құлшынып жүрген қытай полицайы Серікжан Біләштің жалданбалы отряды болыпты ғой ! Ал Ислам Әбішті даттағаны өзін даттағаны емеспе ? Жоқ әлде сол жалданған иесінен өз қазағын қаралап даттауға арнайы тапсырыс пен мол гонорарға жалданған ба екен ? Әйтеуір өзгенің қамын күйттеп жүрген Ася Асеткинаның отрядының мақсаты не екен ? Елі мен азаматтарын өзгелерге сату ма екен ?

  6. Мырзан Кенжебай 13 тамыз, 2019, 11:54

    Билікте Ислам Әбішевтей азаматтар көбірек болғанда тап мұнша сорламас едік қой.

  7. Махамбет 13 тамыз, 2019, 11:54

    Бүгін Ислам Әбішевті қолдаған Ашық хатқа қол қойғандар 107 мыңнан асып кетті. Мұны Шығыс Қазақстандық белгілі қайраткер ағамыз Түсіпхан Түсіпбеков ел тарихында мұндай нөпір халық қолдауы бұрын-соңды болмаған жетістік дейді! мұны көріп
    Ася бастаған Ермұрат Бапи, Айдын Егеубаев, Амангельды Батырбеков, Алданазар Жайлыұлы, Қайырғали Сыдиыхұлы, Раушан Қалмомынұлы тб асылып өлсе, арқан жетпей қалады-ау?!.)))

  8. Сәуле Әбілдаханқызы 13 тамыз, 2019, 11:55

    Нағыз өзіне лайық керемет ат қойыпсыз.

  9. Нұрлан Сәдір 13 тамыз, 2019, 11:55

    Ислам Әбішев секілді – мемлекетшіл шенеуніктер көп емес, сондықтан Исақаңды қолдау керек

  10. Жанат Мырза 13 тамыз, 2019, 11:56

    Айдын Егеубаев Қандай дәлелге сүйеніп жазып отырсың? Өз басыңнан қорықпайсың ба жауап беруге тура келеді. Кімнің қол шоқпары болып отырсың ұялмай?

  11. Серік Жаңқабайұлы 13 тамыз, 2019, 11:57

    Өзгені қойшы Ерекең мен Айдындікі не қасқааа.

  12. АЙША 18 тамыз, 2019, 12:34

    Осля Есекшина деген жаңа ат қойып сазайын аямай берген екенсіз… Жөн-ақ…

  13. АЙША 18 тамыз, 2019, 12:37

    Асяның мұндай сұмдық нəрселерді жалпақ жұртқа жариялауы бүкіл қазақ əйелінің арына кір келтіру деп білемін.. Тосқауыл қою керек…

Пікір жазу

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*

8 + 1 =