“РУШЫЛ ШИМАЙБЕК” аталған БАЛТАБЕК ТҮЙЕТАЕВ КІМ?

“РУШЫЛ ШИМАЙБЕК” аталған БАЛТАБЕК ТҮЙЕТАЕВ КІМ?

ЖАЛАҚОРҒА ЖАУАП

1.Өмірзақ Ақжігіт, Өмекең, соқырға таяқ ұстатқандай етіп бәрін анық жазған. Бірақ соқырлар өздері ешнәрсе көрмегендіктен, жетелеуші қожайынның айтқанын ғана істеп, соның айтқанын ғана айтады. 

2.Түйетайдың түйеден түскендей дәлелсіз сөздері, Балтабектің балпылы базардағы қатындардың байбайынан айнымайды. Осыны да журналист, редактор дейді-ау. 

Қайтесің, “Ит жоқта, шошқа үреді” .  Ләйла Дарханбай, Амангельды Батырбеков деген үшеуінің қосарланған трио қорсылы олардың қандай шалшықта жатқанын айқын көрсетеді.

3.Еліміздегі Ауыз су саласы кешеге дейін Исекең басқарған Су ресурстары комитетіне қараған жоқ. Ол абдусамитовтер айтқан “бес жыл бұрынғы” болған кемшіліктердің бәрін көрсетіп,Ауыз су саласындағы күрделі мәселелерді шешу үшін Су комитеті енді өздеріне алғанына бір-екі жыл болар -болмаста Исекеңнің өзі мынадай жағдайға тап болды.

4.”Айлықпен күн көрген әкім зауытты қалай салады” деп,Балтабек нағыз соқыр, өтірікші суайт екенін көрсетіп отыр. Әйтпесе ол, Исекеңнің әкімдіктен бұрын он жылдай бизнеспен айналысқан ірі кәсіпкер болғанын жақсы біледі. 

5. Ислам Әбішев қазір жазып жүрген қаржы үнемдеу туралы ойларын ол кезде де жоғарыдағыларға айтамын деп, сөз естіген. Соның өзінде Елбасыға кіріп жүріп, триллионнан аса қаржы үнемдеген. Сондықтан “екі қос уыс – бір кілә” деп, базарда отырған “баба” болып, жобалап соға беруге болмайды Балтеке!

6.Ислам Әбіш еш жерде өзі үнемдеген триллиондарды Елбасы “шашты” деп жазған да, айтқан да жоқ. Қайта “Елбасыға кірген соң, Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкіметке тікелей тапсырмасының арқасында мен ұсынған бағдарлама қабылданып, триллион үнемделді” деп жазып, Президент фишкасын көрсетіп  жүр, соқырға таяқ ұстатқандай. Бұл жерде бұны Балтабай “соқырдың” көзі әдейі көрмейді немесе  біреу туралы жазу үшін ол туралы түгел зерттеу, тақырыпты терең меңгеру секілді журналистке тән қасиеттерден жұрдай болып тұр… Иә, Балтекеңдікі тек базардың қатын өсегі. Ал оның пасық ойы мен сасық қулығын ел айқын біліп отыр. Оның  бұл бейшара тірлігі Исекең Елбасыға тиетін сөз айтуда дегендей жала жабу арқылы “жақтас көбейту” жанталасы ғана. 

7.Әжептәуір білімі бар деп жүрген Балтаңыз  таза сауатсыз екен. “Пара алды деп күдіктелген”- деп жазғаны дұрыс емес. Тергеу ісінде ” пара алуға оқталды” деп саралаған, бес айдан бері оның да дәлелін таппауда, екеуінің арасы жер мен көктей!  Жалпы, “Пара алды деп күдіктелген”-деген не былшылбай сөз?  “Күдікті” дегенді естіп едік, “Күдіктелген” деген Қандай сөз?!  Ол кімге әлде неге айтылады? Мысалы, “Үтіктелген” деген сөздің жаны жоқ затқа айтылатынын білеміз…  Ал “күдіктелген” деп…  журналистік сауаты ғана емес, мектептік білімі де күдікті “балтабайларға” айтылатын шығар….    Қазақша, өз ана тілінде жөні дұрыс сөз, есі дұрыс сөйлем құрай алмай отырып,  бұл несіне сақал-шашы ағарғанша журналист болып, “газет” шығарғыш болып жүр?

Одан бөлек, “кінәлі” деп тек сот шешімі заңды күшіне еңгеннен кейін ғана айтуға құқымыз бар!

РУШЫЛ ШИМАЙБЕК АТАЛҒАН БАЛТАБЕК ТҮЙЕТАЕВ КІМ?

Жалпы, Балтабек Түйетаев деген кім? Оңтүстікте облыстық, республикалық деңгейде талай газет, сайттар басқарған, әлі де ат үстінде жүрген ағамызға хабарластық. Бірден айтайық ол кісінің Исекеңнің де, Исекең жатқан тастүрменің сыртынан тас лақтырып жатқан Балтабек пен оның  “балтун” командасының да руы мен жүзіне қатысы жоқ кісі. 

“Балтабек деген, ол облыстағы нағыз рушылдықтың, жүзшілдіктің туын көтеріп жүрген Шимайбек! Шимайбек дегенімізді де ел бірден түсінеді. Өйткені сақалы ағарғанша, салмақты бір мақала жазбаған, “анау өйтті, мынау бүйтті”-деген шылғи  өтірік шимайлардың авторы. Балтабектерді 115 мың халық қолдағаны үшін қызғаныштан өлтіріп бара жатқандай Исекеңнің де кінәсі бар! Иә, Ислам Әбішевте бәрі бар -іскерлік те, көсемдік те, шешендік те, дәулеті де, сәулеті де бар! Бірақ Исекеңде бір ғана кінә бар – ол Балтабайдың руы мен жүзінен болмағаны!”-деп, турасын бір-ақ айтып, тас атқыш тобырдың төбесінен тоқ еткізді!

Иә, біз бұрын да Балтабектің нағыз рушыл екенін білуші едік!  Сол үшін, өзге рудың өкілдерінен бастап,  әркімге жала жауып, нанын тауып жеп отыру үшін газет ашқанын да білетінбіз. Бұл олардың негізгі құралы. Ана жылы облысты Бердібек Сапарбаев басқарып, соған дейін отырып қалған, жарық та, газ да жоқ, көп қабатты үйлерде тұратындар есік алдына от жағып, тамақ пісіріп жүрген Шымкентті көтеріп, облысты дамытып жатқанда да “арнайы  дақ” жағу үшін “АрДақ” деген газет ашқан болатын. “Мықты екеніңді білейін, Шымкентті басқарып көрші”-деген қанатты сөз қалдырған Сапарбаев облыстан республикалық Кеден комитетіне төраға болып кетерде қоштасу жиынында әлгі газеттің иесіне: “Әй, Дәрменсіз, мен Әкімдіктен кетіп бара жатырмын.  Мені жамандау үшін бәрің жабылыпп ашқан газеттерің қайтеді енді, жауып тастайсыңдар ма?”-деп елдің бәрін ду күлдірген еді… Сөз газет редакторына қарап айтылғанмен,  айып Сапарбаевтың айналасындағы қуана шығарып салушы әкімқараларға да қарата айтылғанын елмен бірге өтірік күліп отырғандардың санасы барлары, әрине, сезді.

Балтабай сияқты елге жала жауып, өсек тарату үшін арнайы жоғары  оқу орнын бітірудің, өздерінен басқа ешкім оқымайтын газет ашудың , оған айқайлатып “Еркін сөз” деп ат қоюдың, (“Еркін өсек” екенін елдің бәрі біледі), өзін “Бас редактор” деп жазып қоюдың (“Бас өсекші”, “Бас рушыл” екені елге белгілі) түкке де қажеті жоқ!

“Өтірікшінің куәгері қасында” дегендей, қасына ойдан қашқан, қырдан қашқан өсекшілері Амангелді Батырбеков, Ләйла Дарканбаева деген жалақорларды қосып алыпты. Бұлар белгілі “шимайбек, шимайгүлдер” ғой,  ал әжептәуір аты бар Мұх.шерге не жоқ десейші, қапталдан қосылып шауып қояды. Шамасы, бұлар Балтекеңнің шәйін ішкен болса керек бір-екі рет. Соны ақтаған түрі ғой бұл байғұстардың тірлігі!?.

Балтабектің және оның “балтундарының” балталауы абақтыда жатқан арысқа қанденніің пілге шәуілдегеніндей де әсер етпейді.

“Құлды бәрекелді өлтіреді”-дегендей, Балтабай Түйетаевтың беттің арын белге түйіп (егер онда беттің ары қалған болса), өліп-өшіп жазған өсексөзіне екі күнде 16 адам ғана лайк басыпты. Яғни, қолдап отырған да, бір сөзді қайта-қайта  көшіріп жазып, қайталап отырғандар да жалақорлардың өздері мен табақтастары ғана…

Ал бүгінде “Қазақ үні” ұлттық порталында Ислам Әбішті қолдаушылар саны  120 мыңға жуықтады!!!

Балтабайға сүйек лақтырғыш қожайындары  “Сақалды құл  жарытпас”-деген мақалды да ойлап қойса, артық болмайды!..

Махамбет ЕРҒАЛИ,

gu-gu.kz

Comments

  1. Іңкәр 17 тамыз, 2019, 13:31

    Балтабек дегенді балталап тастапсыз ғой Махамбет аға! Масқара сойыпсыз ғой тағы.

  2. Сәуле Әбілдаханқызы 17 тамыз, 2019, 13:32

    Идиоттар екен ғой.

  3. Сәуле Әбілдаханқызы 17 тамыз, 2019, 13:32

    Балтабек Түйетаев , адам тағдырын, елге ерен еңбек сіңірген азаматтың, зейнет жасына кеп, бейнетінің зейнетін көретін шағында қапаста отырған адамның өмірін қаламыңа арқау еттің бе, жауапкершілігін сезін, шын кәсіби журналиссің бе – 25 томдық істі ал да, зертте. Тергеушілер ғана емес, журналистер де зерттеумен айналысатынын білмейсің бе әлде? Тисе – терекке, тимесе – бұтаққа дейтін сен сияқтылар миллион. Солардың кесірінен қаншама адамның өмірі сынды? Қаншама адамның тағдырына балта шабылды? Құдай-құдай десең, сол жағын ойла. Пайдаң тимесе, тимесін, зияныңды тигізбе. Сонда қүдайшыл болғаның.

  4. Мәмбет Құрманбаев 17 тамыз, 2019, 13:33

    Нағыз түлкі бұлаңға құмар екен редактор Балтабек Түйетаев мырзаң.Олай айтсаң былай қашады, былай айтсаң олай қашады.Пара алды дейме өзі пара бергендей болып тұр ғой ! Қоғамшыл болса неге күншіл екен ? Әлде бір сыбағасын бүлдіріп кетті ме екен ?

  5. Іңкәр 17 тамыз, 2019, 13:34

    Сәуле апай, Балтабек дегенің өзі не айтып отырғанын білмейтін біреу ғой. Махамбетке боқтық сөздерін өшірме дейді, өзі біздің жазғанымыздың бәрін өшіріп тастап отыр. Бұл қалай журналист болып жүр. Газеті көп Оңтүстікте мынадай сауатсыз редактор бар деген намыс емес пе? Бұны жақсы білетін Ешкім мұнымен амандаспайтын шығар ол жақта, тек өзінің бірге ішетін жуындыластары болмаса?!.

  6. Жанат Мырза 17 тамыз, 2019, 13:34

    Өсекке, өтірікке сүйеніп мақала жазу, өзі басшы өзі редактор болған Балтабектің сауатсыздығы ма әлде арсыдығы ма?

  7. Касиет 17 тамыз, 2019, 13:35

    Махамбет ага! Балтабек емес ол кисини Балтунбек !деген дурыс шыгар !жазган макаласынын кисыны келиспейди мулдем!Ислам Алмахановичти кози ашык,кокиреги ояу казактарымыздын бари таниди сонын делели емеспе 125мын адам колдап жатыр.Агамыздын акталып шыгуына тилектеспиз.Бундай заказной Балтундарга конил аудармай керек.

  8. Гаухар 17 тамыз, 2019, 13:35

    Балтабектин кім екенін, не жазганын білмеймін, бірақ мына әңгімеден оңбай таяқ жеді ау

  9. Мәмбет Құрманбаев 17 тамыз, 2019, 13:36

    Осы біздің қазақта ру руға жіктеп бөліну деген дертті осы Балтабек Түйетаев секілді рушыл редакторлар бастап елдің берекесін алуда.Көзі ашық көкірегі ояу редактор осылай жала жауып, тасадан тас атып, онымен тұрмастан күншілдер команда болып жала жабуы өз атына кір келтіргені үлкен ұят әрекет қой ! Көрмес түйеніде көрмес әдейі Ислам Әбішевтің аяғынан шалуы өзінің кім екенін көрсетіп тұр ғой Балтабек Түйетаев мырзаң!

  10. Махамбет 17 тамыз, 2019, 13:37

    “Құлан құдыққа құласа, құлағында құрбақа ойнайды” дегендей ел арысы абақтыға жабылып еді, бақа-шаяндар есірдіңдер ғой. Құдай алдарыңа келтіреді әлі.

  11. Махамбет 17 тамыз, 2019, 13:37

    Балтабек дегенің үйшігінің есігін тарс жауып алды! Енді далаға шықпайды! Сүйек-саяғын ұясына әкеп беруде қожайыны

  12. Жүрсін 17 тамыз, 2019, 13:38

    Жүзге бөліңгеннің жүзі күйсін!

  13. Бәйдібек 17 тамыз, 2019, 16:44

    Бұны біздің Шымкентте #1 Рушыл екенін бәрі біледі. Сондықтан бәрі жек көреді!

  14. Әсет Төлеби 17 тамыз, 2019, 17:08

    Иә، бұл Балтабек дегенің нағыз рушыл، трайбалист ит! Әйтпесе، өзінің әбден жемқорлықпен аты шыққан ағаларының лақтырған сүйегін жерге тигізбей секіріп қағып алып، солардың заказын орындап жүр ғой екіжүзді алаяқ

  15. Сәтпай 17 тамыз, 2019, 17:11

    Ислам Әбішевтің басып кеткен ізіне де тұрмайды ғой бұл сүмелек

  16. гүлсім 17 тамыз, 2019, 17:14

    Бұл қай бетімее елге әңгіме айтып отыр؟؟ Балтабек балтунның терісін тірідей сыпырған Махамбетке мың алғыс! Сауап болыпты، осы малғұнды кім сазайын берер екен деп жүруші едім….

  17. Алмас Асемханулы 17 тамыз, 2019, 22:41

    Қазақстанда жемқорлар дың қазынаны тонаудағы жолдарын жасап қойған, олар экономикалық занбузушылар, алаяктар, қазынадан дәмеленiп қай жобаға қанша ақша бөлiндi, оны қалай шебер жолдармен урлауын бiледi. тапсырар отчетын бәрiн орындап қаржыны ұрлық жолмен таза алып шығады. Сол қазынадан мемлекеттік жобаларларга бөлiнетiн қаржыны Ислам Әбiш үнемдеп әр теңгенің түсетін жерiне дөп тусiрiп отырды емеспеди. Әрине унемшiлдiк бұл кiснiң өз iсiн бiлушi болғандықтан. Мықты маман, керемет менеджменттiк қасиет. Укиметтин әр саласында осында менеджменттiк қасиеттерге ие мамандар қызмет етсе жетелмай жүрген 2050ге ( дамыған Қазақстан-ға) уже жетер едiк. Әрине бұндай унемшiлдiктен қансорғыштардың араңы тарылады. Унамайды. Көзiн құртудың жолын iздейдi. Бiздiң жағдайда тапқан сияқты.

  18. Qyr balasy 18 тамыз, 2019, 01:50

    Зерттеп, оқып, сұрап, анығын толық біліп барып, айтады! Бұл жерде де сол екен.
    Ислам Әбіш, төменде Абзал Құспан айтып отырған, қазынаға қайтарылған (!) 1 трлн (!) теңгеге, «Қытайдан таситын су құрылғыларына қажетті сапасыз тетіктерді, өз елімізде жоғарғы сапамен шығаратын кәдімгі замандық супер зауыт салуға жетеді. Маған рұқсат етсе, сол үнемделетін (өзі өз бюджетін қысқартып, үнемдеген) ақшаға әлемдік стандарттағы қатқан зауытты салып, мемлекетке «сыйлық» жасар едім» деген болатын!
    Исламның мұндай ел үшін игі, өте тиімді идеясын, кезінде, ұлттың ұлтшыл ақыны Қазыбек Иса өзінің «Қазақ үні» басылымы мен интернет порталында кең көлемде жазды да.
    Нәтижесі – осы. Исламның өзі – қамақта! Бұған себеп: жемқорлардың ішінде халық қамын ойлайтын бір ғана адамның болуы – олардың баю көзіне қауіп төндіреді!

  19. Алмас Асемханулы 18 тамыз, 2019, 01:58

    Ислам Әбiштiң түрмеге тоғытылуы бұл нағыз сыбайлас жемқорлардың жасаған iсi деп бiлемiн. Себебі Ислам Әбiш олардың қаржыны жымқыру жолын алдын алды. Ысырапшылдыкка жол бередi. Қазынадан дәмеленетiн Сыбайлас жемқорлардың қаржыны урлауларына тосқауыл болды. Әрине олар Ислам Әбiштi жай қалдырдмайды. Өз iсiне адал, көпшiлiкке жұмыс жасаитын адамдар жемқорларға кедергі болса керек.

  20. Гүлім 18 тамыз, 2019, 12:18

    Балтабек егер білікті маман болса күдіктелген деген сөзді қолданып, өзінің журналист екеніне күдік тудырмас еді…

  21. Гүлім 18 тамыз, 2019, 12:24

    Балтабек дегеннің фб-дағы жазбалары күлкімді келтіріп жүр еді. Түркістан облысындағы жауапты қызметтерге кім келеді, кім кетеді екен деп бақсылар ұқсап болжам жасап отыратыны ерсі көрінуші еді… Сөйтсек сау сиырдың б…ғы емес екен ғой өзі…

  22. Құралай 18 тамыз, 2019, 17:10

    Ешкім оқымайтын шатпағымен не бітірмекші Шимайбек…

Пікір жазу

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*

2 + 7 =