“Тальгодағы” зорлау оқиғасы: Судьялар қылмыскерлерге кастрация жасауды ұсынды

“Тальгодағы” зорлау оқиғасы: Судьялар қылмыскерлерге кастрация жасауды ұсынды

Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы зорлау ісіне жазаны қатайту мақсатында қылмыстық кодекске өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен Бас прокурорға жүгінді.

Шешімде қылмыстың бұл түрі үшін «жеңіл» жазалар көпшіліктің наразылығын туғызды және бұқаралық ақпарат құралдарында сынға түсуде деп көрсетілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Bnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Азаматтар соттардың шешімдеріне наразы, ал судьялар заң нормаларына сай» құқық бұзушыны қатаң жазалай алмайды делінген құжатта.

Сондай-ақ, мәтінде судья заңға қайшы келе алмайтыны айтылған.

Сот алқасы бас прокуратураның жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобына аталған қылмыстарды аса ауыр санатқа ауыстыру мақсатында заңға қажетті өзгертулер енгізуді ұсынды.

Атап айтқанда, келесі түзетулер көрсетілген:

1) 120, 121 және 122-бап бойынша 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру;

2) 55-баптың қолданылуын болдырмау.  Бұл сотты бас бостандығынан айыру жазасын «жазаны екі есе азайту» міндетінен босатады;

3) 91 және 93-баптарға түзету енгізу арқылы жыныстық құқық бұзушыларға химиялық кастрацияны міндетті тағайындау;

4) 123-баптың 2-бөлімі бойынша, «жәбірленушінің қызметтік тәуелділігін пайдалану» қосымша жіктемелігін енгізу.

Құжатта егер мұндай әрекеттер орта санаттан ауырлық дәрежесіне ауыстырылса, онда «қылмыс жасағандар қылмыстық заңнамада қарастырылған кейбір жеңілдіктерден айырылады» делінген.

«Қылмыстық кодекске ұсынылған өзгерістер қоғам мен мемлекет үшін ерекше маңызды. Олар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін толығымен қорғайды», – делінген құжатта.

Еске салсақ, «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызының жолсеріктері жолаушыны топ болып зорлағаны үшін 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Көптеген қазақстандықтар мұндай үкім әйелге жасалған қылмыстың ауырлығымен салыстыруға келмейтінін сезді. Зорлаушыларға жазаны қатаңдату қажеттілігі туралы сөз болды.

Жақында бірінші соттың үкімін апелляциялық алқаның күшімен жойғаны белгілі болды. Іс прокурорға қайтарылды.

Санаттар: Жаңалықтар

Пікір жазу

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*

1 + 7 =