“Біраз уақыт күтіңіздер”: Досаев зейнетақы жинағына үй алу туралы айтты

“Біраз уақыт күтіңіздер”: Досаев зейнетақы жинағына үй алу туралы айтты

Ерболат Досаев Ұлттық банк Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтқан тапсырмасын қалай орындайтынын түсіндірді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейінгі кулуарда сөз етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Еске сала кетсек, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға рұқсат беру мәселесін пысықтауды тапсырған еді.

Досаевтың сөзінше, активтерді алдын ала бағалаудан кейін ғана қазақстандықтарға зейнетақы жинағын тұрғын үй сатып алу мен білім алуға жұмсауға рұқсат бере алады.

«Халықтың қанша қарыз жинағанын қараңыздаршы. Ал оларға зейнетақыға дейін жете ме, жетпейді. Біз үкіметпен бірлесіп, жыл соңына дейін мұның бәрін қарастырып, енгіземіз. Тапсырма енді ғана берілді. Жұмысты бітіргенше біраз уақыт күтіңіздер», – дейді Ұлттық банк төрағасы.

Пікір жазу

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*

8 + 3 =