Жеңіс Қасымбек Қытайдан көшірілетін зауыттардың ескі емес екенін айтты

Жеңіс Қасымбек Қытайдан көшірілетін зауыттардың ескі емес екенін айтты

Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек үкіметтің баспасөз конференциясында елімізде Қытай кәсіпорындары салынатыны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Жеңіс Қасымбек бүгінгі таңда индустрияландыру аясында қазақстандық-қытайлық 55 бірлескен жобаны жүзеге асыру жоспарланып отырғанын айтты.

«Бұл зауыттардың ластығы, олардың Қазақстанға әкелінгелі жатқан ескі жоба екені туралы шағымдар айтылуда. Қазақстан аумағына бірде-бір ескі немесе көшіріліп әкелінетін зауыт жоқ екенін ресми түрде мәлімдеймін. Бұл жобалардың барлығы жаңа болып табылады», – дейді премьер-министрдің орынбасары.

Сонымен қатар ол аталған жобалардың әлеуметтік желіде сөз болып жатқандай қатер төндірмейтінін атап өтті.

«Қоғамға түсінікті болуы үшін, бұл жобалар бізге қажет. Олар желіде айтылып жатқандай қатер төндірмейді. Шындығында, желіде жарияланып жатқан мәселелердің еш негізі жоқ. Нақтырақ айтсақ, өтірік», – дейді Қасымбек.

Пікір жазу

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*

8 + 7 =