Бекболат Тілеухан “халықты тізерлеткісі келген” әріптесінің сөзіне пікір білдірді

Бекболат Тілеухан “халықты тізерлеткісі келген” әріптесінің сөзіне пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан төменгі палата төрағасының орынбасары Владимир Божконың атышулы сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жуырда Владимир Божко “халық әлеуметтік көмекті көбейткені үшін мемлекет алдында тізерлеп тұрып алғыс айтуы керек” деген болатын. Мәжіліс вице-спикерінің бұл сөзі желіде қызу талқыланып, қазақстандықтардың ашуын туғызды.

“Халықты тізерлету деген адамның ақылына сыятын нәрсе емес”, – деп қысқа қайырды Тілеухан ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысынан кейін.

Ал үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаевтың ойынша, Божко бұл сөзді “байқамай айтып қалған”.

Бұған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев та “Открытый диалог” бағдарламасында бұған түсініктеме берген еді.

Министрдің пікірінше, Владимир Божко эмоцияға беріліп, ойын дұрыс жеткізе алмаған. Абаев оны қазақ жерінің нағыз патриоты деп атады.

Пікір жазу

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*

2 + 9 =