«Заңды жолмен ақша «сындырудың» тамаша тәсіліне ұқсайды» – Журналист жазушылар форумы туралы

«Заңды жолмен ақша «сындырудың» тамаша тәсіліне ұқсайды» – Журналист жазушылар форумы туралы

Бір ақын ағамды аяп отырмын. 281 миллион көп ақша, форум аяқталған соң есебін берсе болғаны да деп еді. Өзі форумда жүр екен. Ертеңіне звондап, Азаттыққа шыққан осы пікірімнің көзін құртшы деп қатты қиылды. -Форумдағы жазушылар: -Ей, мынауың не?- деп бетіме басып жатыр, ақ қарға болдым, құрысын,- дейді. Өтінішін орындай алмадым. Сайтқа шыққан нәрсе алынбайды. Бюджеттің 281 миллион теңгесіне жазушылардың үш күндік форум өткізгені жөн бе деген сұраққа біраз жазушы қиналды. Атасы нәлет, ақыры шашылған ақша, жазушылар да қызығын көрсін дегендер де, ысырап қой, кеше шілдеде ғана Еуразия астаналары жазушыларының форумы өтті емес пе, бірақ соны айтпай-ақ қояйыншы, күні ертең одаққа күніміз түседі дегендер де болған. Ал енді кешелі бері кейбір жас жазушылар «руханиятқа бөлінген шығынды есептеп бас қатырмаңдар, ең бастысы билік ақын-жазушылармен санаса бастады, басқа форумдарға шашылған ақшаны неге көрмейсіңдер» деп ұрсып жатыр екен осында.

281 миллионның қайда, қалай жұмсалғанын, қанша арақ, қанша шарап алынғанына дейін есебін беріп, мал шашпақ басқа форумшыларға үлгі көрсетейік дейтін болар деп күткем. Ысырапсыз жұмсалған қаржы екеніне қоғамның көзін жеткізсе, әдебиет қарыштап дамитынын дәлелдесе тағы да 281 миллион берсін деп ұрандатпай ма қоғамның өзі?

Ал жалпы, мемлекет ақшасына өткізілетін алуан түрлі форум, конференциялар жауапты шенеуніктермен бірігіп, заңды жолмен ақша «сындырудың» тамаша тәсіліне ұқсайтыны осы күнде жұртқа мәлім емес пе? Сондықтан, жазушылардың форумының ақшасына назар аударғанның несі айып?

Асылхан Мамашұлы,

Фейсбук парақшасынан

Санаттар: Әдебиет

Пікір жазу

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*

1 + үш =