Түркістан қаласында жарылыс болды (видео)

Түркістан қаласында жарылыс болды (видео)

Бүгін, 10 қыркүйекте, Түркістан қаласында жарылыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Куәгерлер түсірген видеодан байқалғандай, жарылыстан кейін ғимаратта өрт шыққан.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айталады!

ТЖК-ның баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, 10 қыркүйекте кешкі сағат 19:00-дің шамасында Royal Grand Hotel қонақ үйінің аумағында газ баллондары толтырылған «ЗИЛ» маркалы көлік өртенген. Жарылыс салдарынан өрт мейрамхананың шатырына тарап, шамамен 1 400 шаршы метр аумақты шарпыған.

Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-ның 70 қызметкері мен 14 техника жұмылдырылған.

Пікір жазу

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*

7 + 9 =