Қытаймен бірлескен кәсіпорындар құруға мүдделіміз – Тоқаев

Қытаймен бірлескен кәсіпорындар құруға мүдделіміз – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 6-шы отырысына қатысты, деп хабарлайды Ақорда ресми сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы өзара сенім мен тиімді ынтымақтастыққа негізделген тату көршілік қарым-қатынастардың қалыптасу тарихын атап өтті.

«Қытай – Қазақстанның сыртқы сауда және экономика саласындағы аса ірі серіктестерінің бірі. Мұның айқын дәлелі – елдеріміз арасындағы сауда айналымы былтыр 11,4% артып, 12 миллиард долларға жетті. Тәуелсіздік жылдары Қытай Қазақстанға 20 миллиард долларға жуық инвестиция салды. Біз бүгінгі Іскерлік кеңестің 6-отырысын екі ел арасындағы іскерлік және инвестициялық әріптестіктің зор әлеуетін одан әрі кеңейтуге мүмкіндік беретін маңызды шара деп есептейміз», – деді Қазақстан президенті.

Пікір жазу

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*

он төрт − 7 =