Тоқаев Қытай телеарнасына қытай тілінде сұхбат берді

Тоқаев Қытай телеарнасына қытай тілінде сұхбат берді

Ғаламторда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайдың жетекші телеарнасына берген сұхбатынан үзінді пайда болды, – деп хабарлайды stan.kz.

Видеороликте Қазақстан президенті CCTV жүргізушісіне қытай тілінде сұхбат берді. Президент өзінің шет тілін өте жақсы білетіндігін көрсетті.

Өздеріңіз білесіздер, Қасым-Жомарт Тоқаев – полиглот, бірнеше тілдерді, соның ішінде қытай тілін де еркін меңгерген.

Еске салайық, бұл күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда мемлекеттік сапармен жүр. Онда президент бұған дейін бірқатар кездесулер өткізді, оның ішінде Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті.

Пікір жазу

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*

бір × 3 =