Досымен бірге зорлап, видеоға түсірген: Елордада жас қызды зорлаған жігітке қатысты сот үкімі шықты

Досымен бірге зорлап, видеоға түсірген: Елордада жас қызды зорлаған жігітке қатысты сот үкімі шықты

Нұр-Сұлтан қаласында өткен сотта топтық зорлыққа қатысқан екінші айыпталушыға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Сот жәбірленушінің бұрынғы жігіті Шоқан Әбілқасымовты 11 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейтін болады.

Еске сала кетсек, 2017 жылдың маусым айында жас қызды бұрынғы жігіті мен досы зорлап тастаған. Жәбірленушінің сөзінше, олар өзін зорлап қана қоймай, видеоға түсіріп алып, желіде таратып жіберген.

2018 жылдың қаңтар айында тағы бір айыпталушы кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Ал Шоқан Әбілқасымов 6 наурызда Бішкекте тұтқындалып, Қазақстанға экстрадицияланған.

Санаттар: Қоғам

Пікір жазу

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*

11 − 8 =