Халыққа қарсы іс-әрекеттері үшін депутаттар түгел қызметтерінен кету керек – Ғабдолла

Халыққа қарсы іс-әрекеттері үшін депутаттар түгел қызметтерінен кету керек – Ғабдолла

Бауыржан БАЙБЕК – Алматы қаласының әкімі болып тұрған кезінде біраз «батыл» қимылдар жасап тастады…

Бауыржанның кейбір ерсі қылықтарына салиқалы алматылықтар «әлі жастықтың буығы ғой» деп, түсіністікпен қараса да, келе-келе БАЙБЕК белден басуға кірісті…

Сол белді қайыстырып, қабырғаны қақыратқан қоймалжың қылығының бірі – әсем Алматының ішін ақылы тұраққа толтырып, талтайып тұрар тесік қалдырмады…

Жақында қазақ БАҚ-тарында жарияланған жалғыз алматылықтың жанайқайы мынадай: «Жас ғалым әрі журналист Мейрамбек Таубал­диев Алматы көшелеріндегі көліктерге арналған ақылы тұрақ қызметіне шүйлікті. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Жас ғалым Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында жұмыс істейтінін тілге тиек етті. Оның сөзінше, Ғылым ордасының ғимаратында білім және ғылым министрлігінің ғылым комитетіне қарасты оннан астам ғылыми зеттеу институты орналасқан.

«Онсыз да айлығы шайлығына жетпей жүрген ғылыми қызметкерлер айдың-күннің аманында тағы бір «проблемаға» тап болды. Құрманғазы, Пушкин, Шевченко көшелеріндегі паркингке (парковка) ақша төлейміз енді.

1 сағаты – 100 теңге. Жұмыс тоғызда басталады. Бір сағат ерте келеміз, сосын кешкі 19.00-де қайтамыз, шамамен, 10 сағат – 1000 теңге. 20 күнге – 20 000 теңге», – деп ашынды Таубалдиев.

Ол институттың кіші ғылыми қызметкерлері мен лаборанттары айына 52 000 теңге айлық алатынын жеткізді. Жазуынша, олардың көбісі пәтер жалдап тұрады екен.

«Көліксіз қалада жұмыс бітпейді. Тамақ, киім, көлік шығындарына паркиңг қосылды. Қымбатшылық қинағаны аздай», – деп наразылығын білдірді Мейрамбек. Жас ғалым ғылым ордасы кешені маңындағы ақылы паркиңге қарсы екендігін ашық білдірді.

«Бұл – менің талабым. Өтініш, жас ғалымдар, жас отбасылардың несібесіне ортақтаспаңызшы! Олардың айлығы (ішінде өзім де бармын) онсыз да – тым аз. Алаңсыз жұмыс істеп, 1000 теңгеге «обед» ішсінші, одан да. Ал, менің бөпем күтіп отыр, үйде. «Агуша» алуым керек…»

Ақылы тұрақтардың пайда болуына Алматы қаласы мәслихатының депутаттары да тікелей қатысты. Өйткені, олар халықпен келіспей, орташа алматылықтың жағдайын білмей, қарсы іс-әрекет жасаған. Демек, халыққа қарсы іс-әрекеттері үшін – Алматы қаласы мәслихатының депутаттары түгел қызметтерінен кетіп, толық та таза тәртіппен ауысулары керек…

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА,

Фейсбук парақшасынан

Пікір жазу

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*

4 × бір =