Назарбаевқа «Бәйтерекпен» бірдей ескерткіш орнатыла ма? – Әкімдік жауабы

Назарбаевқа «Бәйтерекпен» бірдей ескерткіш орнатыла ма? – Әкімдік жауабы

Әлеуметтік желідегі astana_zello_01 парақшасында Нұр-Сұлтан қаласында тұңғыш президентке арнап биіктігі Бәйтерекпен пара-пар болатын ескерткіш салынатыны туралы жазылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Жаңалық деп осыны айт! Енді Нұр-Сұлтанда Нұрсұлтанға арнап ескерткіш орнатылады! Анау-мынау емес, биіктігі 193 метр болатын ескерткіш. Ғарыштан көрінуі үшін осылай жасаған екен!

Қараңыздар: «Ресейлік мүсінші-монументалист Зураб Церетели мен Қазақстан үкіметі Тәуелсіздік алаңында республиканың тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш орнату туралы келісімшартқа қол қойды. Биіктігі 193 метр болатын құрылыс ғарыштан көрінетін Қазақстандағы алғашқы қолдан жасалған нысан болады». Бұл туралы кім не ойлайды?» – деп жазылған аталған суреттің тұсында.

Алайда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Stan.kz тілшісіне бұл ақпараттың ешбір шындыққа жанаспайтынын, яғни жалған екенін бөлісті.

«Иә, әлеуметтік желіде осындай ақпараттың таралып жатқанын көрдік. Алайда жазылып жатқанның барлығы шындыққа жанаспайды. Яғни Нұр-Сұлтан қаласына «Бәйтерекпен» пара-пар ескерткіш орнатылмайды», – деді елорда әкімдігінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін бас қаланың атауының тағы да өзгеретіні туралы ақпарат тараған еді. Алайда артынша бұл ақпараттың жалған екені белгілі болды.

Пікір жазу

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*

7 − алты =