«Халық үшін, Қазақстан үшін»: Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатқанына өкінбейтінін айтты (видео)

«Халық үшін, Қазақстан үшін»: Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатқанына өкінбейтінін айтты (видео)

Қазақстанның Тұңғыш президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың «Хабар» арнасына берген сұхбатынан үзінді жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сұхбат барысында журналист Айгүл Әділова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан президенттік өкілеттігін тоқтатқанына өкінетін-өкінбейтіні туралы сұрады.

«Әрине, өкінбеймін. Себебі бұл жан-жақты ойластырылған шешім болды. Екіншіден, өзгеріс қажет. Ешнәрсе бір орында тұрмайды. Жаңа адамдар, жаңа кадрлар керек. Әрбір басқа адамның өз көзқарасы, өз қатынасы бар. Сондықтан өкінбеймін. Халық үшін, Қазақстан үшін дұрыс жасадым деп ойлаймын», – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетсек, Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбатының толық нұсқасы ертең, 11 қазанда, сағат 21:30-да «Хабар» арнасынан көрсетіледі.

Пікір жазу

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*

11 − он бір =