Тоқаевтың жалғыз ұлының суреті жарияланды

Тоқаевтың жалғыз ұлының суреті жарияланды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалғыз ұлы Тимур Тоқаевтың суреті алғаш рет жарияланды, – деп хабарлайды sputniknews.kz.

Тимур Тоқаевтың фотосын өз Telegram-каналында саясаттанушы және Маңғыстау облысы әкімінің шаттан тыс кеңесшісі Ербол Еділов жариялады.

Сондай-ақ Еділов Тимур Тоқаев туралы қызық дерекпен бөлісті. Ол 2009 жылы «Қазақстан Республикасының Батысқа қатысты стратегиясы» тақырыбында диссертация қорғап, саяси ғылымдар кандидаты дәрежесін алған.

Ашық дереккөздерден президенттің ұлы 1984 жылы дүниеге келгені белгілі. Ол – бизнесмен. Бұдан бөлек, Тимур атасы Кемел Тоқаевтың атындағы қорға жетекшілік етеді.

Еске сала кетсек, Ақорда сайтындағы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірбаянында оның ажырасқаны жазылған, бұған дейін ашық мәліметтерде әйелі Надежда Давыдовна екені көрсетілген еді.

Санаттар: Жаңалықтар

Пікір жазу

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*

16 − 3 =