Плагиат! Білім және ғылым вице-министрі қызметінен кетті

Плагиат! Білім және ғылым вице-министрі қызметінен кетті

Диссертациясында кісінің еңбегін көшірді деп басы дауға қалған Білім және ғылым вице-министрі ақыры кетіп тынды. Министрдің кеңесшісі бұл жағдайды Фатима Жақыпованың басқа жұмысқа ауысуына байланысты деп түсіндіріпті.

Білім және ғылым вице-министрі Ф. Н. Жақыпованы қызметінен босату мәселесі бойынша келесіні хабарлаймыз: қазір аталмыш лауазымды тұлға басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Заңнамасына сәйкес, атқарып отырған қызметінен босату бойынша келісу рәсімі жүргізілуде.

Бұдан бұрын аталмыш министрлікте департамент басшысы қызметін атқарған Анар Қайырбекова Жақыпованы 2009 жылы жазған дисертациясын толығымен көшіріп алған деген еді. Тіпті плагиатқа барған оның әрекетін екі бірдей шетелдік антиплагиат жүйесі растап берген көрінеді.

Ал сенаторлар министрдің орынбасары: «Көзбояушылыққа жол беріп, қоғамды жаңылыстырды, мемлекеттік қызметтің этикалық кодексін бұзды» – деген болатын.

Алайда жұмысынан ауысқан экс вице-министрдің әзірге қандай қызметке барғаны белгісіз.

Пікір жазу

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*

20 − 16 =