Оралмандар Қытай кәсіпкерін 20 млн теңгеге тонап кеткен

Оралмандар Қытай кәсіпкерін 20 млн теңгеге тонап кеткен

Алматы қаласының криминалдық полициясының дерегінше, Жетісу ауданында ҚХР кәсіпкерін тонап кеткен, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Қарақшылар кәсіпкерге теңгені шетелдік валтаға тиімді курспен айырбастап береміз деп алдап, қаруға ұқсас затпен қорқытып, 20 млн теңге көлеміндегі қаржысын тартып алған.

Полицияның хабарлауынша, істің негізгі күдіктісі – 1985 жылы туған азамат ұсталды. Бірер сағаттан кейін 26-28 жастағы тағы екі күдікті тұтқындалды. Күдіктілердің үшеуі де Қытайдан келген азаматтар, оралман статусына ие.

Пікір жазу

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*

он + жеті =