Кінәлілер қатаң жазаланады – Тоқаев Алматы маңындағы ұшақ апаты туралы

Кінәлілер қатаң жазаланады – Тоқаев Алматы маңындағы ұшақ апаты туралы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында Bek Air ұшағының құлауы кезінде қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады», – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter желісінде.

Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады.

2019 жылы 27 желтоқсанда сағат 07:22-де Bek Air әуе компаниясының № Z2100 Алматы – Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсі ұшу кезінде биіктікті жоғалтып, бетон қоршауға соғылған. Нәтижесінде екі қабатты ғимаратпен соқтығысқан. Бірден құтқару жұмыстары басталды, өрт шыққан жоқ.

Пікір жазу

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*

11 − 11 =