Владимир Божко: Біз неге атом электр станциясын салуды қолдамаймыз?

Владимир Божко: Біз неге атом электр станциясын салуды қолдамаймыз?

Атом электр станциясы ақыры салынуы мүмкін. Мәжіліс депутаттары оны қолдап шықты. «АЭС әлдеқайда тиімді жоба, тек соған халықтың көзін жеткізу керек», – дейді мәжілісмендер.

Владимир Божко, Мәжіліс төрағасының орынбасары: 

– Белорустар салып бітейін деп қалды. Өзбектер де шамамен үш жылдан кейін салайын деп жатыр. Ал бізде неге бәрі қарсы? Біле білсеңіздер, АЭС экологиялық тұрғыдан әлдеқайда таза және бір сағат киловатының өзіндік құны да төмен. Францияда халықтың 72 пайызы қолдап шықты. Біз неге қолдамаймыз?

Елімізде атом электр станциясын салу туралы ұсыныс былтыр көтерілген. Тіпті Алматы облысының Үлкен ауылында орны да белгіленген болатын. Себебі, шенеуніктердің есебі бойынша, 10 жылдан кейін Қазақстанда қуат көзінің тапшылығы сезіле бастайды. Бірақ мұндай ұсынысты естіген бойда халық арасында бірден қарсылық пайда болған . Бір тоқтамға келмегеннен кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың келісімін алмайынша, АЭС салынбайтынын қадап айтты. 

Пікір жазу

Your e-mail address will not be published.
Required fields are marked*

үш × 3 =