Сауда министрлігі форумдарға 3 миллиард теңге жұмсамақ болған

Сауда министрлігі форумдарға 3 миллиард теңге жұмсамақ болған

ҚР Сауда және интеграция министрлігі 2020 жылы форумдар мен конференцияларға үш миллиард теңге жұмсамақ болған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2020 жылға сауда және интеграция министрлігі бірқатар форум, дөңгелек үстел мен конференция өткізуді жоспарлаған. 8-11 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында 12-ші министрлік конференциясы өтеді. Іс-шара аясында шетелдік инвесторлар кеңесі, Астана экономикалық форумы, Парламентаралық конференция және бірқатар екіжақты кездесулер ұйымдастырылады. Сондай-ақ, ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның Үздік Тауары» республикалық көрме байқауы жоспарланып отыр. Аталған шараларға бюджеттен үш миллиард теңге бөлінді.

Ведомство шығындарды қысқартып, оңтайлы шешім қабылдады. Әзірге іс-шаралар санын қысқарту есебінен шығындарды 120 миллион теңгеге төмендету ойластырылып отыр.

«Барлығы Қаржы министрлігіне оңтайландыруға бағытталған: 31 семинар, бір форум, 45 дөңгелек үстел, 13 кеңес. Аталған шаралардың негізгі бөлігі өтеусіз негізде немесе үнемдеу есебінен жүргізіледі», – деді министрлік өкілдері.

Бюджетті қысқарту жоспарланып отырған іс-шаралар арасында:

Аккредиттеудің 15 схемасын енгізу бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер, кеңестер;
ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығын алуға арналған конкурстың ұйымдастыру іс-шаралары»;
«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме конкурсы, сәйкестікті бағалау саласында өңірлік (салалық) семинарлар өткізу; Экспортқа бағытталған кәсіпорындардың қатысуымен форум ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында қымбат көлік сатып алуға және түрлі форумдар өткізуге мораторий жариялау туралы ұсыныс жасаған болатын.

Пікір жазу

<