Екібастұзда полиция қызметкері көлік ішінен өлі күйінде табылды

Екібастұзда полиция қызметкері көлік ішінен өлі күйінде табылды

Екібастұзда қалалық парақшалардың бірінде тәртіп сақшысы қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Хабарламада «капитанды буындырып өлтірді» делінген. Ақпарды облыстық ПД баспасөз қызметі растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Полицей Екібастұзда жедел уәкіл болып қызмет еткен. Алдын ала мәліметтер бойынша, құқық қорғау органдарының қызметкерін белдікпен буындырған. Оның денесін ресейлік есепте тұрған жеңіл көліктен тауыпты.

Облыстық полиция департаменті ер адамның қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатқаны хабарланды. Тергеудің құпиялылығына сүйенген департамент басқа деректерді беруден бас тартты.

Санаттар: Жаңалықтар

Пікір жазу

<