СҮЙІНШІ! Қазақ дәрігері Нобельге ие болды

СҮЙІНШІ! Қазақ дәрігері Нобельге ие болды

«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ ұрық жасушаларын трансплантациялау бөлімінің бастығы, бірқатар жасушалық зерттеулерді жасаушы Самат Сапарбаев Ресей мен ТМД өнертабыстарының дамуына қосқан үлесі үшін Нобель медалімен марапатталды, деп хабарлайды gu-gu.kz порталы Today.kz-ке сілтеме жасап.

Марапаттау рәсімі Мәскеуде өтеді. Медаль халықаралық маңызы бар және мойындалған туындылар үшін алғашқы өнертапқыштардың бірі ретінде беріледі.

Жалпы алғанда, бүгінде дәрігер бес марапатқа ие болды, оның ішінде «Ресей мен ТМД-ның танымал ғалымдары» сертификаты мен куәлігі, Ұлы Екатерина ордені, «Ғылыми жеңістер мен жетістіктер үшін» ордені т.б. бар. Сондай-ақ, ол әлемдегі білім беру саласындағы ұлттық ғылымның беделін растайтын «Жоғары білім беру саласындағы алғашқы қызметі үшін» алтын медалімен марапатталды. Сонымен қатар, дәрігер Ресей мен ТМД-ның «ғылым мен білімнің құрметті қызметкері» құрметті атағына ие болды.

Санаттар: Жаңалықтар

Пікір жазу

<