Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 402-ге жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 402-ге жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 16 адам анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сoronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

2 сәуірдегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында – 7 адам, Атырау облысында – 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Қарағанды облысында – 6 адам тіркелді.

«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 191 адам, Алматы қаласында – 90 адам, Қарағанды облысында – 21 адам, Ақмола облысында – 19 адам, Атырау облысы – 18 адам, Жамбыл облысында -5 адам, Шымкент қаласында – 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 9 адам, Ақтөбе облысында – 4 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 6 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 25 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 5 адам анықталды», – делінген хабарламада.

Қазақстанда жалпы 402 науқас тіркелді.

Пікір жазу

<