Елорда іргесінде халық наразылық танытып, көшеге шықты (видео)

Елорда іргесінде халық наразылық танытып, көшеге шықты (видео)

Нұр-Сұлтан іргесіндегі Лесная поляна елді мекені 4 күн бойы жарықсыз отыр.

Шыдамы шегіне жеткен тұрғындар түнде көшеге шығып, наразылық танытты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айтуларынша, коммуналдық төлемдер уақытында жасалады. Бірақ электр жарығына қатысты мәселе түбегейлі шешілмеген. Ал жергілікті пәтер иелері кооперативі кабельдік желі істен шыққанын алға тартады. Сондықтан олқылықты жоюға шамалары жетпейді.

Журналистер Целиноград ауданындағы жауапты мамандарға хабарласып көрді. Бірақ тұщымды жауап болмады. Ал жергілікті тұрғынның айтуынша, жарық алғаш рет жексенбі күні өшкен. Одан кейін тек түнгі үште жаныпты. Одан кейінгі күндері жағдай қайталанып тұрған.

Пікір жазу

<