Қытайға бала сатумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Қытайға бала сатумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Делдалдардың қызметтері шамамен 50 мың доллар тұрады. Әдетте, Қытайда клиенттерді «белгілі бір бағыттағы» бойдақ ерлердің арасынан іздеген.

Украина Ішкі істер министрінің орынбасары Антон Геращенко facebook парақшасына елдерінде Қытайға сәбилерді сататын топ анықталғанын жазды. Оның мәлімдеуінше, қылмыстық топты жеке репродуктивті клиниканың бас дәрігері және оның ұлы ұйымдастырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қылмыскерлер – Украина азаматтары. Ол екеуімен қытайлық 3 және украиналық 2 адам сыбайласқан көрінеді.

«Ақшалай сыйлық үшін қаскүнемдер ұрықтандыру, босану, құжаттарды рәсімдеу және Украина аумағынан тыс жерлерге нәрестелерді әкетуді заңдастыру үдерістеріне қатысты ұйымдастырушылық және құқықтық мәселелерді шешу бойынша қызмет көрсетті.

Басқаша айтқанда, олар украин әйелдерінен туған балаларды Қытайға сатқан. Нәрестелерді сататын супермаркет сынды болған» деп жазды Антон Геращенко.

Оның айтуынша, делдалдардың қызметтері шамамен 50 мың доллар тұрады. «Әдетте, Қытайда клиенттерді «белгілі бір бағыттағы» бойдақ ерлердің арасынан іздеген», – дейді Геращенко.

Суррогат аналар балаларды дүниеге әкелді. Содан кейін туу туралы куәліктер сатып алушылар мен жалған әйелдердің атына қайта рәсімделді. Содан кейін олар сәбилерді елден шығаруға мүмкіндік алған.

Жаңа туған нәрестелер Қытайға жіберілмес бұрын пәтерде ұсталған. Геращенко түсіндіргендей, Украинада суррогаттық қызметті толыққанды реттеу жоқ, заңға сәйкес тыйым салынбаған.

Топ мүшелеріне қатысты «Адам саудасы» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олар мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Санаттар: Жаңалықтар

Пікір жазу

<