Мәдениет министрі коронавирус жұқтырды – БАҚ

Мәдениет министрі коронавирус жұқтырды – БАҚ

Ресейдің мәдениет министрі Ольга Любимовадан коронавирус анықталды, – деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасап tengrinews.kz.

Мәдениет министрінде коронавирус бары расталған. Қазір ауру жеңіл өтіп жатыр. Бұл туралы министрліктің баспасөз хатшысы Анна Усачева хабарлаған.

«Мәдениет министрі Ольга Любимова қазір қашықтан жұмыс істеп жатыр. COVID-19 тестінің нәтижесі оң болып шықты. Министр қазір үйінде, жұмысқа қатысты жиындарды видеоконференция арқылы өткізіп жатыр. Кездесулер мен онлайн форматтағы келіссөздерге қатысады. Ауру жеңіл өтіп жатыр», – дейді Усачева.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей премьер-министрі Михаил Мишустиннің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Ол РФ президенті Владимир Путинге коронавирус жұқтырғанын, өзін-өзі оқшаулауға кеткенін хабарлаған.

Санаттар: Жаңалықтар

Пікір жазу

<