Жітіқара зиратынан нәрестенің денесі табылды

Жітіқара зиратынан нәрестенің денесі табылды

Қостанай облысында полиция қызметкерлері бала туып, оны жергілікті зиратқа тастап кеткен әйелді іздеп жатыр.

Төтенше жағдай Жітіқара қаласында 27 мамырда тіркелді, деп хабарлады alau.kz порталы.

Бұл туралы ақпаратты Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Жітіқара ауданының полиция бөліміне Жітіқара қаласының зиратынан жаңа туған баланың денесі табылғаны туралы хабарлама түсті. Мәйіттің табылу фактісі бойынша аудандық полиция бөлімі тергеуді бастады. Полиция қызметкерлері баланың анасын, сондай-ақ куәгерлерді анықтау жұмысын жүргізіп жатыр. Тергеу аясында сараптама тағайындалды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полиция сондай-ақ жаңа туған нәрестенің денесін қарау кезінде көзге көрінетін жарақат табылмағанын атап өтті.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 100-бабы – «Жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Егер әйел табылса, тергеу нәтижелеріне байланысты ол төрт жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе айырылуы мүмкін.

Санаттар: Қоғам

Пікір жазу

<