Оффшорға ақша шығару қылмысқа жатпайды – депутат

Оффшорға ақша шығару қылмысқа жатпайды – депутат

Шетелдегі оффшорлық есепшотқа қаржы шығару заң бойынша қылмыс санатына жатпайды. Ал, егер де осындай былық ашылып, іс сотқа дейін жетсе де, қомақты соманы Қазақстанға қайтару жолы бізде қарастырылмаған.

Осындай депутаттық сауалын әрі назын сенатор Ольга Перепечина Үкімет басшысы Асқар Мамин мен Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевқа жолдады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Оның сөзінше, соңғы төрт жыл аралығында Қазақстаннан өзге мемлекеттерге жасырын әрі заңсыз түрде 238 ақша шығару фактісі тіркелген. Дегенмен, құзырлы органдағылар оның небәрі үшеуі ғана сотқа дейін жеткізе алған. Қалған жағдайларда іс тоқтатылған.

Ольга Перепечина, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

«Тоқтатылған 238 істің шамамен 70 пайызы немесе 170 ісі құқық бұзушылықтың болмауына байланысты тоқтатылды. Яғни, шетелге капиталды шығару фактісі бар, бірақ бұл факт ұлттық заң бойынша қылмыс санатына жатпайды. Бізде қаржыны қайтару мәселесі қарастырылмаған. Себебі қылмыстық іс жүргізу кодексінде қайтару міндеттемесі де жөнді жолға қойылмаған».

Ольга Перепечина соңғы 20 жылда елімізден оффшорлық есепшот бар мемлекеттерге 140 миллиард доллар жіберілгенін де айтты. Сенатор бұған капиталдың заңсыз шығарылуына қарсы іс-қимыл жүйесінің жетілдірілмегені себеп, дейді. Сондай-ақ депутат жалпы осы мәселені қадағалайтын мемлекеттік органның да атауын білмейтінін айтты.

Пікір жазу

<