Тоқаев халықты Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Тоқаев халықты Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барша халықты Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.

Президент құттықтауын өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады, – деп хабарлайды «Қазақ үні».

«Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Елтаңба, Ту, Әнұран – Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі, бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі. Біз халқымыздың мүддесін қорғайтын күшті, беделді мемлекет құру жолында биік белестерге бірге жетеміз»,-деп жазды ҚР Президенті.

Пікір жазу

<