«Жазушылар аллеясы»: Нұр-Сұлтанда митинг өткізетін жерлер белгіленді

«Жазушылар аллеясы»: Нұр-Сұлтанда митинг өткізетін жерлер белгіленді

Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты бейбіт жиын өткізу үшін  ортақ орындар мен жүру жолын белгіледі. Құжат ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жария талқыға ұсынылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құжатқа сәйкес, елордада бейбіт жиындар мен шеру өткізу үшін 4 арнайы орын ұсынылды.

Біріншісі – аумағы 4380 шаршы метрді құрайтын, 1000 адам сиятын Ш.Құдайбердіұлы даңғылы мен А.Пушкин көшесі қиылысындағы саябақ.

Екіншісі – мың адам сыятын, аумағы 2064 шаршы метрді құрайтын «Астаналық цирк» жанындағы алаң.

Үшіншісі – аумағы 1695 шаршы метр болатын Жеңіс, Абай даңғылы, Т.Бигелдинов және Желтоқсан көшелері төртбұрышындағы жазғы алаң. Бұл жерге 500 адам сыяды.

Төртінші бағыттың ұзындығы – 2055 метр. Ол Абай даңғылы мен Ә.Сембинов көшелерінен, Жазушылар аллеясынан бастап, Құдайбердіұлы даңғылы мен А.Пушкин көшелеріне дейін жалғасады.

Шеруге мың адамға дейін қатыса алады.

Пікір жазу

<