Ұйғыр ауданында не болып жатыр?

Ұйғыр ауданында не болып жатыр?

Бүгін таңертең Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында қақтығыс шығып, бес адам пышақталды деген бейресми ақпарат тарады, деп хабарлайды malim.kz.

Біз бұл ақпаратты растау үшін Ұйғыр ауданы Шонжы ауылының тұрғындарына хабарластық. Ауылдың екі тұрғыны бұл ақпаратты растағанымен, «ауылға өздерің келіп, жастармен тілдесіңдер» деп оқиға жайлы нақты ақпарат беруден бас тартты, деп жазады басылым.

Бұл мәселе жайлы ресми органдар ешқандай мәлімет бермеді.

Алайда Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Шонжы ауылына барып, дәл қазір ауыл тұрғындарымен шұғыл жиналыс өткізіп жатыр.

Пікір жазу

<