Біздің жігіттердің барлық жерінің түгі бар – Айдана Сегізбаева

Біздің жігіттердің барлық жерінің түгі бар – Айдана Сегізбаева

Ұят та болса, болған оқиғадан.

Видеодағы кез ғой әлгі, айғайлатып өлең оқып, Адайдың айғай шалдарын «беу» дегізіп, сахнадан түспеймін бе өзімше боп. Амандық Көмекұлы деген жырау атам «Әйййй, мынау қыз жақсы екен, біздің жігіттер қайда, неге алып қалмайды?» демесі бар ма?

Мен де бір үндемей, қыз құсап жымия салуды білмеймін ғой, «Оййй, көке, мені анау-мынау жігіт ала алмайды, жүрегінің түгі бар жігітіңіз болмаса» деймін ғой жалп еткізіп. Амандық көкем сасқан жоқ «Біздің жігіттердің барлық жерінің түгі бар» деп қойып қалды.

ЖЫМ БОЛДЫМ.

Айдана Сегізбаева,

Фейсбуктегі парақшасынан 

Санаттар: Қоғам

Пікір жазу

<