Сайт туралы

GU-GU.KZ  САЙТЫНЫҢ  ГУ-ГУ ЖАҢАЛЫҒЫН  ОҚЫҢЫЗДАР

Ақпараттар ағыны көз ілестірмей бара жатқан мына заманда интернеттің  рөлі күннен-күнге артып келе жатқаны мәлім.  Оқырманды не ойландырады? Көкіректе не сауал бар?  Қандай ақпарат алып, не жайлы пікір қозғағысы келеді?  Ұлттың зары не және ол үшін не істеу керек? Билікке жақындаған зиялы неге зияндыға айналуға бейім? Халықтың мұңын қазір  кім тыңдайды? Біз осы сұрақтарға жауап іздегіміз келеді?

«Ел құлағы – елу» дегендей, оңашадағы гу-гу әңгіменің шындығы қайсы, өтірігі қайсы? Біз электронды ақпарат порталымыздың атын осы мақсатта Gu-gu.kz деп атап отырмыз.

gu-gu.kz cайтына қонақ болып, гу-гу жаңалықтар мен ақпараттарға, сараптау-зерттеу мақалалар мен қызықты да, мәнді сұқбаттарға араласыңыздар, құрметті халайық.

Gu-gu.kz ақпараттық порталының Бас редакторы – Мәмбет Құрманбаев

Электронды поштамыз – mambet.kurmanbayev@bk.ru

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз