Жұлдыз жорамал (25.04.2016ж-02.05.2016)

 

Тоқты

“Сабыр түбі сары алтын” демекші кез-келген қиындыққа шыдап бағыңыз. Ісіңіз алдағы уақытта алға басуы мүмкін. Сондықтан бәріне түсіністікпен қарағаныңыз абзал. Кейбір адамдармен тіл табысу, түсінісу қиындау болуы мүмкін. Бірақ бәрі өткінші…

Торпақ

Апта басы қауырт тірліктермен басталғанымен, ортасына қарай барлығы реттеледі. Қала аралап, қыдырып қайтуыңызға да болады. Әйтпсесе кино көріп, уақытыңызды басқа да қызықты етіп өткізуіңізге болады.

Егіздер

Басшылық тарапынан қолдау көруіп, жалақыңыз өсуі мүмкін. Ол үшін тек еңбектенуіңіз керек.Барлық нәрсе өзіңізге байланысты. Қиындықтың барлығын тек ғана еңбек ғана жеңетінін біліңіз. Сол үшін тек ғана жұмыс істеуді бірінші орынға қойыңыз.

Шаян

Еңбегіңізді басшылық бағалады екен деп тым еркінсіп кетпеңіз. Барыңызды салсаңыз, жеңіп шығасыз барлығын. Бірақ арасында денсаулығыңызға да көңіл бөлуге тырысыңыз. Әйтпесе, денсаулығыңыз сыр беруі мүмкін.

Арыстан

Қызмет барысында өзіңізден дәрежесі төмен қызметкерлердің сізді басынуына жол бермеңіз. Сізді қолбала қылып жұмсағысы келетіндер де табылады. Кейбіреулердің сондай пасық қылығына күйінбеңіз. Өзінен өзі бәрі қалыпқа келеді.

Бикеш

Достарыңыздың сізді қолқалап ортаға қосқысы келіп жүргеніне біраз уақыт болды. Бірақ үнемі бас тартып жүре бермей, арасында басқосуға баруға тырысыңыз. Әйтпесе олардың арасында қадіріңіз қалмауы да мүмкін.

Таразы

Таразы белгісіндегілер үшін бұл апта іскерлік бастамаларға толы болмақ. Сізге жақындарыңыздан естіген жылы сөздер қуат беріп келеді. Үнемі осындай жылылықты сезініп жүру үшін оларға қамқорлық танытудан шаршамаңыз.

Сарышаян

Балаларыңыздың денсаулығына, тамақтануына көптеп көңіл бөліңіз. Жұртқа сене бермей, өзіңіз өз балаларыңызға қарауға уақыт табыңыз. Өйткені олар сіздің өміріңіздің мәні.Оларға қатысты мәселеге салғырт қарамыңыз.

Мерген

Қым-қуыт тірлікте жан жарыңыздың көңіліне қарауды ұмыт қалдырып жүргеніңізді ескеріңіз. Араларыңыз суып кетпеуіне де көңіл бөліңіз. Оның айтқанын орындауға уақыт табыңыз. Сонда ғана тату-тәтті отбасы ретінде бақытты ғұмыр кешесіз.

Тауешкі

Өзіңізге қолайлы жағдай туғызу үшін, өзіңіздің армандарыңызға қол жеткізу үшін аянбай еңбектенуіңіз керек. Әсіресе қаржы мәселесіне келгенде, ұқыптылықпен қарағаныңыз жөн.Өзіңіздің маңдай теріңізбен тапқан қаржыңызды өзіңіз басқаруға тырысыңыз.

Суқұйғыш

Басшыңызға ұсыныстарды айтуға қысылмаңыз. Ұжымыңыздың ісі алға басуына ұйытқы болсаңыз, бастығыңыз сізді қолдайтынына сенімді болыңыз. Тек әріптестеріңізге күйе жағып алудан аулақ болыңыз.

Балықтар

Балық белігісінде туғандар бұл аптада той-томалаққа барып көңіл көтеруі мүмкін. Соның арқасында көптен көрмеген ескі танысыңызды кезіктіріп, тың жобаларды жүзеге асыруыңызға ықпал етпек.

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз